{metadescription}
Алматыда жазасын өтеушілер жаңа кәсіпті игермек
Алматыда жазасын өтеушілер жаңа кәсіпті игермек

Алматыда жазасын өтеушілер жаңа кәсіпті игермек

Наурыз мерекесі қарсаңында ЛА-155/18 түзету мекемесіндегі сотталушыларға шаштараз және ландшафты дизайнернің арнайы курстары ашылды. 

Антон Дворцов, жазасын өтеуші:

- Шаштараз мамандығын тез игеріп кетемін деген ойдамын. Бұдан өзге қазір Алматыдағы университеттердің бірінде қашықтықтан білім алып жатырмын. 

Азамат Ізтілеуов, ЛА-155/18 түзету мекемесі бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі:

- Қоғамдық ұйымдар да келіп жатыр. Өзімізден де ұсыныстар бар. Тәрбие бөлімі бар. Сол тәрбие бөлімі деген сол оқытушылармен бірге бейімдеп, қайсы-қайсыған келіседі сол соған оқытылады. 

Темір тормен қоршалған түрмеде мерекелік көңіл-күй. Қоғамдық ұйым мүшелері жазасын өтеушілерді Наурызбен құттықтап, шаштараз және ландшафты дизайнның қыр-сырын үйретуге келген. Сонымен қатар, дәл осы күні абақтыдағылар жақындарымен жүздесіп, мәре-сәре болды. Түзету мекемесі тар қапаста отырғандардың кәсіп игеруіне ерекше ден қойған. Себебі, олар бостандыққа шыққан соң қоғамға тез бейімделуі  керек. Абақтыдағы 40-50 адам жылына жаңа кәсіпті меңгеріп шығады. Ландшафты дизайн мен шаштаразға таңдау жасалудың басты себебі: екеуі де табысты кәсіп. Ірі қалаларда көгалдандыру ісі дамыған. Оқу мерзімі  2 ай. Одан кейін кәсіби маманға сертификат табысталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде