{metadescription}
Жазасын өтеушілер қолөнер туындыларын көрсетті  
Жазасын өтеушілер қолөнер туындыларын көрсетті  

Жазасын өтеушілер қолөнер туындыларын көрсетті  

Тараздағы ЖД-158/7 қатаң тәртіптегі колониясы бір күнге мұражайға айналды. Ұлыстың ұлы күніне орай жазасын өтеушілер қолөнер туындыларын ұсынды. 

Көрмеге бас аяғы 4 түрменің сотталушылары қатысқан. Олар музыкалық аспаптар, ат әбзелдері, киім-кешек және үй жиһаздары сынды тұрмысқа қажетті заттарды ұсынған. Қапастағылардың мұндай дүниелерді жасауы әрине таңсық емес. Бірақ, қолөнер туындыларын көрермен алдына шығаруы бірінші мәрте. Экспонаттарға ерікеннің ермегі деп қарауға болмайды. Себебі көбі бұл істі кәсіпке айналдырып, түрмеде отырып-ақ табыс табуда. Көрмеге ұсынылған тауарлар иелеріне қайтарылмайды. Колония басшылығы шешімімен, олар қайырымдылық есебінде қарттар мен балалар үйіне тапсырылатын болды. 

Бекен Қалымбетов, ЖД 158/5 мекемесінің инспекторы:

- Бес сотталғанның қолынан шыққан жейде, мынау ердің тоқымдары. Мынау үйге киетін аяқкиімдер. Және мынау сотталғандардың қалаға пісіріп сатып отырған тағам өнімдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде