{metadescription}
Ұлыстың ұлы күнін тойлау Наурыз шеруінен басталды
Ұлыстың ұлы күнін тойлау Наурыз шеруінен басталды

Ұлыстың ұлы күнін тойлау Наурыз шеруінен басталды

Алматыда екі мыңнан астам адам Мемлекеттік Цирктен бастап Абай атындағы опера және балет театрына дейін төрт шақырымға жуық жолды  жүріп өтті. Наурыз шеруіне қатысқандар шаһар тұрғындарын Ұлыстын Ұлы күнін бар сән-салтанатымен тойлауға шақырды. Қазақ үйлер тігіліп,  жастар алтыбақан теуіп, асық ойнап, балуандар кім мықтыны анықтады.

Алматыда Ұлыстың ұлы күнін тойлау Наурыз шеруінен басталды. Мемлекеттік цирктің алдына жиналған халық Абай атындағы опера және балет театрына бағыт алды. Қыдыр ата мен Жер ана бастаған топта қару ұстаған батылар да, тұлпар тізгіндеп, тазы жетектеген жігіттер де, мың бұралған қыздар да бар.  Шараға екі мыңнан астам адам қатысты.

Советхан Қанағатов, Алматы қаласының тұрғыны:

Керемет, тамаша көрініс болып жатыр. Ұлттық киіммен, ұлттық нақышпен қазақтың батырларының киімін киіп, атпен жүріп көрініс көрсетуі менің отбасыма немереме қатты ұнады. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын.

Наурыз шеруінің мақсаты мереке күндері Алматы қаласында өтетін шаралар туралы халықты құлағдар ету. Әр аудан киіз үй тігіп,  жиналған халыққа наурыз көже мен палау ұсынылды. Қыз-жігіттер алтыбақан теуіп, батырлар қошқар көтеруден сынға түсті. Білектілер қол күрестіріп, палуандар боз кілемде мықтыны анықтады. Үлкеннің де кішінің де басын қосқан асық ойыны болды. Ептілік пен мергендік сыналатын спорттың бұл түрі кенже қалып барады. Бүгін ақсақалдар жас балаларға шеберлік сабағын өткізді.

Тәңірбек Әлишарипов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Қазақтың ұлттық ойыны асық ату. Мынаны бес табан дейді. Шеңбердің диаметрі 5 метр. Соны сақамен атып шығару керек. Жерде жеті сақа тігулі. Көнде. Егерде соның төртеуін атып шығарсаң жеңімпаз боласың.

Наурыз ұлттық дәстүр мен ұлттық спортымызды дәріптейтін мереке. Ұлыстың ұлын күнін асыға күткен халық осы құндылықтарымызды насихаттап, қазақы нақышта киініп тойдың жоғарды деңгейде өтуіне барынша ат салысып жатыр. Ендеше сіз де қалыс қалмаңыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.