«Астаналық болып қала береміз»: Бақыт Сұлтанов түсініктеме берді
Бүгін осы мәселеге орай Астана қаласының әкімі де өз пікірін білдірді. Бақыт Сұлтановтың айтуынша, Елорданың атауы ауысқанымен, оның тұрғындары астаналықтар болып қала береді.
Автор: Досжан Маратұлы
21.03.2019
Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:
- Бұл туралы көп сұрақтар туындап жатыр. Халық талқылап жатыр. Астана да, астаналық деген де қалыптасқан бренд. Сондықтан бір-бірімізді астаналық деп атай берейік. Мен «Нұр-Сұлтан» қаласының тұрғынымын. «Нұр-Сұлтан» қаласына келдім, мен - астаналықпен деп айтқан бәріне түсінікті болады.
Сондай-ақ, Сұлтанов қаланы президенттің есімімен атау әлемдік қалыпты құбылыс екенін айтады. Мәселен, АҚШ-тағы Вашингтон да Тұңғыш президенттің атымен аталған. Әрі осындай Хошимин, Санкт-Петербург, Жоржтаун секілді жүзге жуық кала бар екен. Бұдан бөлек, Астана әкімі жаппай халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың қажеті жоқ екенін атап өтті. Өйткені, жеке куәлік пен басқа да толған құжаттар өз уақытымен, көрсетілген мерзімі біткен кезде ғана ауыстырылады. Оған дейін олар жарамды. Айта кетсек, еліміздің жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынған еді. Бұл ұсынысты парламент депутаттары бірауыздан қолдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!