Ұлттық банк инфляция деңгейін 3 пайызға дейін төмендетпек
Бүгін Үкіметте есеп берген Ерболат Досаев қаржы нарығындағы тұрақтылық инфляция көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Автор: Досжан Маратұлы
26.03.2019
Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:
- Ұлттық банкі төменгі инфляцияны ұстап тұру, сондай-ақ елдің экономикалық дамуы мен халықтың өмір сүру деңгейін тұрақты ұстап тұру басымдығымен инфляциялық таргеттеу режимін сақтап қалады.
Бас банкир 2021 жылға дейін инфляция деңгейі 4-6 пайыздық дәлізде сақталады дейді. Кейін оның көрсеткішін 3-3,5 пайызға дейін төмендету жоспарланған. Бұл азық-түлік пен түрлі тауар және коммуналдық тарифтер құнының өсуіне жол бермейді дейді Досаев. Сондай-ақ, Ұлттық банк теңге бағамының болжамын арттыруды жоспарлап отыр. Әрі валюта нарығындағы сауда-саттық туралы мәліметтерді жариялап отырмақ. Төрағаның айтуынша, бұл тұрақтытылықты сақтауға көмектеседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!