{metadescription}
Жүзден аса киікті қырғандардың ішінде қорықшылар да бар
Жүзден аса киікті қырғандардың ішінде қорықшылар да бар

Жүзден аса киікті қырғандардың ішінде қорықшылар да бар

Ақмола мен Қарағанды облыстары арасында 100-ден аса киікті атты деген күдікке ілінгендердің арасында қорықшылар да бар болып шықты.

Наурыздың 17-сі күні Қорғалжын ауанындағы мемлекеттік қорықта 100-ден аса киіктің өлексесі табылған. Олардың барлығының да мүйіздері кесіліпті. Жедел іздесітіру шараларына полицейлермен қатар кинологтар да жұмылдырылған. Араға көп уақыт салмай қылмыскерлердің ізіне түсі мүмкін болды. Іздестіру барысында бір топ күдікті де анықталды. Бір қызығы олардың арасында сол киікті күзетіп жүргендер де  бар.

Нұрділдә Ораз, ІІМ баспасөз хатшысы:

- «Охотзоомпром» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының инспекторларын да ұстады. Күдіктілерге қатысты сот шешімімен қамауда ұстау жазасы қолданылды. Күдіктілердің тұратын жерлерін тінту барысында қылмыс  қарулары, сондай ақ киік мүйіздері табылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде