{metadescription}
Шымкент аспанында екі тәулік бойы әуе шарлары қалықтады
Шымкент аспанында екі тәулік бойы әуе шарлары қалықтады

Шымкент аспанында екі тәулік бойы әуе шарлары қалықтады

Үшінші мегаполисте «Ашық аспан» фестивалі өткізіліп, әлемнің 10 елінен келген 20 жылу аэростаты көкке ұшырылды.

Арысы Венгрия мен Румыния, жақыны Ресейден арнайы келген аэронавттар әуе шарларының түр-түрін әкелген. Қызыл жүрек тәріздісі бар, шахмат тақтасы секілді шұбар шаршылысы да осында. Айта кетсек, «Ашық аспан» фестивалі Шымкентте осымен қатарынан екінші мәрте ұйымдастырылып жатыр. Ұйымдастырушылар енді бұл шараны жыл сайын үрдіс қылып, ал Шымкентті Орта Азиядағы орталығы ету ойларында барын айтады. Ал, жаңбыр мен күшті желдің кесірінен межелі мерзімінен бір күн кешіктіріліп басталған фестивалды тамашалауға шымқаланың ғана емес, өзге алыс-жақын өңірлердің де тұрғындары келген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде