{metadescription}
ШҚО-да тумен шөптің үстін жапқан тұрғын жазаланбайтын болды
ШҚО-да тумен шөптің үстін жапқан тұрғын жазаланбайтын болды

ШҚО-да тумен шөптің үстін жапқан тұрғын жазаланбайтын болды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны мемлекеттік ту бейнеленген баннерді қораға пайдаланған. Мемлекеттік рәмізбен мая шөптің үстін жапқан Қалбатау ауылының тұрғыны, баннерді көшеден тауып алғанын айтады.

Шөптің үстінде жатқан Қазақстан туының видеосы әлеуметтік желі арқылы тараған болатын. Ғаламтор қолданушылары, алғашында тудың нақты өзі деп түсініп, қызу талқыға салған болатын. Әйтсе де, ол мемлекеттік тумен қатар, бір шетіне  Ақорда мен Бәйтерек бейнеленген баннер болып шықты. Болжам бойынша көрнекі зат Тәуелсіздік күніне орай арнайы әзірленген тәрізді. Сондықтан полиция қызметкерлері, оны кім жасады және мерекеден кейін неге ие болмады деген сұрақтардың жауабын іздестіруде. Дегенмен кәдесіне жаратып, жұрт арасында дау тудырған шаруа жазадан жеңіл құтылды. Себебі, мемлекеттік рәміздің өзі болмағандықтан баннердегі бейне үшін заңға сәйкес айыппұл салуға да келмейді екен.

Әйгерім Нұрғазина, ШҚО ПД баспасөз хатшысы:

- Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық анықталмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.