{metadescription}
Қайтыс болған жолаушы жалғызбасты ана болған. Ал жүргізушінің артында 4 баласы қалды
Қайтыс болған жолаушы жалғызбасты ана болған. Ал жүргізушінің артында 4 баласы қалды

Қайтыс болған жолаушы жалғызбасты ана болған. Ал жүргізушінің артында 4 баласы қалды

Бас қалада ірі жол апаты! Екі адам ажал құшып, тағы 30-ға тарта жолаушы жарақат алды. Қала маңынан қатынайтын қоғамдық көлік қызыл бағдаршамда тұрған екі автобус және жеңіл машина мен тағы бір жедел жәрдем көлігін қатты келіп соқты. Зардап шеккендер арасында ауыр жағдайда жатқандар бар.

Ірі жол-көлік апатын тудырған №303-бағыттағы қоғамдық көліктің қазіргі кейпі мынау. Автобустың алдыңғы бөлігінің сау-тамтығы қалмаған. Әзірге нақ белгілісі, осы жол апатынан үш автобус, тағы бір жеңіл көлік зақымданған.

Мынау таңертең бас қаладағы сұмдық жағдайдан аман шыққан куәгерлердің алғашқы бейнежазбасы. Апаттың салдары адам шошырлық. Біреулердің жан-дауысы шығып, біреулер әрі-сәрі күйде жүр. Дереу жеткен жедел жәрдем қызметі ес-түссіз сұлқ жатқан бір әйелге көмек көрсетіп жатыр.

-  Мен осы автобуста отырдым. Қасыда отырған әйел ұшып кетті. Мына жерде жүргізуші болды. Ол қайтыс болып кетті.

Азап автобусының ішінде болғандардың бірі Зәуреш Өтемісоваға да оңай тимепті. Мұрны сынып, тағы бірнеше майда жарақаттар алған. Көрген түстей болған қауіпті сәт толық есінде жоқ.

Зәуреш Өтемісова, зардап шегуші:  

Бір уақ есімді жоғалтып алдым. Әйтеуір, қатты дауыс шығып, қолым мен басымды жауып қалғанымды білем. Сәлден соң есімді жисам, қасымдағылардың бәрі айғайлап, қиналып жатыр екен. Көрші автобустағылар көмекке келе бастады.

Оқиға таңғы сағат 9-дан асқан кезде Ұлы дала және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысында болған. №303-бағыттағы автобус Қабанбай батырдың бойымен келіп, қызыл бағдаршамда тоқтап тұрған автобусқа артынан соғады. Екпіні қатты болғаны сондай, алдындағы автобус кейін тұрған үшінші бір автобусқа соқтығады. Солардың арасында болған жедел жәрдем мен тағы бір жеңіл көлік қирап, жүруге жарамсыз болып қалды. Хьюндай жүргізушісі басын рөлге соғып, миы шайқалыпты. Аптығын баса алмай әрең сөйледі.

Көз жұмған екеудің бірі 26 жастағы қарағандылық жалғызбасты келіншек болып шықты. Кәмелетке толмаған баласы бар. Қаза тапқан екінші адам – сол 303-бағыттың 53 жастағы жүргізушісі, артында 4 баласы қалды. №1 автобус паркінің өкілдері таңертең жолға шығарда тексерістен өтті, денсаулығында еш кінәрат болған жоқ деп отыр. Бұл екеуден бөлек, 34 адам әр түрлі жарақат алған.

Камалжан Надыров, Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Қалған жарақат алғандардың ішінде біреуінің жағдайы тым ауыр. Алтауы ауыр жағдайда, тағы 8 адамның жағдайы орташа деңгейде. Жол апатынан жедел жәрдем көлігіндегілер де зардап шеккен. Екі фельдшер амбулаториялық ем қабылдайтын болды.

Зардап шеккендер арасында филиппиндік 36 жастағы әйел бары анықталды. Болжам бойынша, кеуде тұсынан жарақат алып, жамбасы сынған. Қазір осы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті. Егер жүргізушінің дені сау  болса, автобус неге тоқтамаған?  Олар енді осы басты сұраққа жауап іздейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде