Ертеңнен бастап елімізде күн суытатын болады
Синоптиктердің айтуынша, Өзбекстан аумағынан келетін циклонның әсерінен оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап және қатты жел күтілуде. Ауа температурасы 3-5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
27.03.2019
Біртіндеп суық ауа ағымдары еліміздің шығысы мен орталығына ығысады. Ресейдің еуропалық бөлігінен келетін циклонның әсерінен Солтүстік облыстарда да қар аралас жаңбыр жауып, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман және көктайғақ болады деген болжам бар. Ал, республикамыздың орталық, оңтүстік-шығысында жауын шашын молынан түсуі мүмкін. Сондай-ақ, Алматы қаласында да ауа райы біршама өзгерек. Ал бірнеше күннен бері сынап бағамы 20 градустан жоғары көтерілген Алматыда да күн біршама салқындап, бір апта бойы жаңбыр жаумақ.
Дәулет Кісебаев, инженер-синоптик:
- Алматы қаласы туралы айтатын болсақ, алдағы үш күнде Алматыда тұрақсыз ауа райы болады. Наурыздың 28 мен 29-да жаңбыр күтілуде. Ауа температурасы түнде 8-10 градусты көрсетсе, күндіз 17-19 градусқа дейін жылынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!