{metadescription}
Демалуға барып, дертпен оралды
Демалуға барып, дертпен оралды

Демалуға барып, дертпен оралды

Тайландқа сапар шеккен тағы екі алматылықтан Денге безгегі анықталды. Осылайша, жыл басынан бері 5 адам осы вирустық ауруды жұқтырып келген.

Саят Қауметбаев, Ауру жұқтырғандар мен аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің жетекшісі:

- Деңге қызбасы ауа арқылы адамнан-адамға жұқпайды. Тек арнайы  бір масалар арқылы. Ол масалардың түрі шет елдерде бар да,  Алматы қаласында Қазақстанда жалпы ол масаның түрлері жоқ.

Аурудың белгілері мынадай: қызу көтеріліп, буындар сырқырап, теріге бөртпелер шыға бастайды. Тайландтағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты курорттық қалаларындағы әуежайларда дене қызуын бақылайтын арнайы қондырғы орнатылған. Егер безгектің жеңіл түрі анықталса, антигистаминдік  дәрілер және дәрумендер ғана ішіп сауығып кетуге болады. Ал Денгенің геморрагиялық түрін жұқтырған науқас тіпті өліп кетуі мүмкін екен. Елімізде былтыр тек екі адам дәл осындай аурумен тіркелген. Сондықтан тропиктік елдерге аттанатын демалушылар сақтық шараларына бейжай қарамай, күннен ғана емес, масалардан да қорғайтын жақпамайларды алып жүру керектігін мамандар ескертіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде