Алматыда тағы да жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Абырой болғанда адамдар дін аман. Бірақ, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жүргізуші мен фельдшер ауруханаға жеткізіліпті.
27.03.2019
Әсет Моштаев, дәрігер-нейрохирург:
- Фельдешр 1995 жылғы. Кеше жол апатына байланысты біздің қабылдау бөліміне келіп түскен. Негізінен бас жарақатын алған. Ми шайқалуы деген диагноз қойып, емдеуді бастадық.
Аурухана төсегіне таңылған фельдшер жарақатынан толық айығу үшін әлі бірнеше күн ем қабылдауы тиіс. Ал, жедел жәрдем көлігін тізгіндеген азамат дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне қайтарылған. Куәгерлердің айтуынша, «жол бер» деген белгіні елемеген жеңіл көлік иесі басты көшемен кетіп бара жатқан жедел жәрдемді бүйірінен соғып, аударып тастаған. Айта кетейік, Алматыда соңғы бір аптаның ішінде жедел жәрдем көлігі екі рет жол апатына ұшырап отыр. Екі оқиға да көшелері тар Қалқаман ықшам ауданында болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!