{metadescription}
«Бірінші қазақ тілі». Тоқаев үштілділікке қатысты пікір білдірді
«Бірінші қазақ тілі». Тоқаев үштілділікке қатысты пікір білдірді

«Бірінші қазақ тілі». Тоқаев үштілділікке қатысты пікір білдірді

Өз тілін жарытпай жатып, ағылшынға асыққан дұрыс емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымы осындай. Бүгін Ақордаға бүкіл әкім-қараларды жинап алған Президент мойындарына жаңа тапсырмалар ілді. Бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы ретінде бірінші рет өңір басшылары мен үш ірі қаланың әкімдерін жиып алып, тапсырма беруі.

Президенттің бұған дейін бір рет министрлермен кеңес өткізгенін білеміз. Енді әкімдерді шақыртып алды. Жиынның өзегі өзге болғанымен, президент сөзін мынадан бастады: астанамызды Елбасының есімімен атау – тарихи оқиға. Осыны тиісті министрлік ел арасында жақсылап түсіндіруі керек. Ел үшін орны бөлек мәселенің бірі – үштілділікке қатысты пікірін де білдірді. Президенттің ойынша, бала алдымен қазақ және орыс тілдерін меңгеріп алуы тиіс. Содан кейін ғана ағылшынша үйретсе болады. Тоқаевтың жеке ұстанымы осындай. Демек, оқушыға балабақшадан ағылшынша үйретуге білек сыбана кіріскен педагогтар енді аптығын басуы мүмкін.

Президент айтқан тағы бір мәселе, бюджет құрылымын қайта қарау керек. Әлеуметтік мұқтаждықтарға ақша көп жұмсалады да орнын қайта толтыру жағына мән берілмейді. Екіншіден, өнім бермейтін, керек емес жобаларға бюджет көп шығындалады. Сондықтан, президент бюджетке қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертуге кіріскелі отыр. Соның бастамасы болар, әкімдерге мынадай тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Әкімдер құр шығын болатын қымбат дүниелерді, жарнамалық шараларды қаржыландыруды қойып, жергілікті бюджетті негізінен әлеуметтік қолдау шараларына жұмсау керек. Әрине, жұрттың табысын арттыруға жергілікті бюджеттің шамасы келмейді. Сондықтан елге өз кәсібін ашуға, кәсіби жұмысына сай лайықты табыс табуға көмектесу керек.

Жаңа президентке ұнамаған тағы бір жайт, әкімдіктерде жұртпен етене байланыс жоқ. Әсіресе, заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалану деген жоқ. Яғни әлеуметтік желілерді дұрыс қолдана алмайды. Ал Тоқаевтың өзінің твиттерде белсенді екені мәлім. Сенатты басқарып тұрған шақта тойдағы ысырапшылдық пен «Қазақ Республикасы» атауына қатысты жеке пікірлерін әлеуметтік желілерге жариялағанын білеміз. Ал қазіргі 17 әкімдіктің 13-інде жұрт хабарласа қоятын телефон орталығы жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті: 

- Әлеуметтік желілермен белсенді жұмыс істеу керек. Әртүрлі мессенджерлерде топтар құрып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсінікті тілмен жеткізу керек. Мемлекеттік басқару академиясында арнайы курс ашып, елмен жұмыс істейтін шенеуніктерді сонда қайта оқытып алу керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы отбасыларға берілетін тұрғынүй мәселесін де жіті назарда ұстап отыр. Мерзімі өзгеріссіз. Бір айдан кейін уәде етілген 40 мың пәтердің дайын болған алғашқылары жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға үлестіріле бастауы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.