Үздік стартап жобалар іріктелді
Қазақстанның үздік стартап жобалары іріктеліп, Сингапурға жолдама алды. Жоба авторлары енді өз өнімдерін Азияның ең мықты корпорацияларына таныстыруға мүмкіндік алды. Бұл Тұңғыш Президент қорының «Смарт жолы» жобасы аясында үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан байқаудың нәтижесі.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.03.2019
Алина Челова, «Smart Zholy» жобасының жеңімпазы:
- «Маркет плейс» деп айтайық, бұл маркет плейсқа кірген кезде өзіңіз жайлы информация қалдырасыз. Өзіңіздің бюджетіңізді көрсетесіз және қандай тексеріс керек, соны көрсетесіз. Бұл система арқылы сіз бәрін онлайн алып, өзіңізге керекті ақпаратты алып, өзіңізге керекті медициналық орталықты тауып, сөйтіп бронь жасап бара берсеңіз болады.
Алинаның ойлап тапқаны «ГоуКод» деп аталатын жүйе. Оның ішінде әлемдегі ең озық медициналық орталықтар туралы ақпараттар мен ондағы қызмет бағалары қамтылады. Сіз өз қаражатыңыздың көлемін көрсетсеңіз, жүйе автоматты түрде сізге керекті ең қолайлы әрі ең арзан медициналық орталықты тауып береді. Осы сияқты барлығы 20 стартап жобаның ішінен қазылар тәуір деген онын іріктеп алды. Олар енді мамыр айында Сингапурда өтетін халықаралық стартап жобалар алаңында Азияның ең мықты венчурлық қорлары мен корпорацияларына таныстырады. Тұңғыш Президент қорының «Смарт жолы» жобасы 2017 жылы басталған еді. Бір айта кетерлігі, авторлар өз жобаларын ағылшын тілінде таныстырды.
Сұлтан Айтжанов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:
- Стартап жүйесі экосистемасын құрастыру үшін біз тек Қазақстанның ішінде оны жасай алмаймыз. Өйткені, интернет әлемінде шектеулер жоқ. «Smart Zholy» бағдарламасы жөнінде айтатынымыз, ол жастарға өздерінің істерін, IT саласындағы стартаптарын әлемдік нарыққа шығарудың бір жолы, бір көпірі деп.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!