Студенттер емтихан кезінде тәуір баға үшін ақша беретіндерін жайып салды
Пара бер де бара бер! Ақтөбелік студенттер емтихан кезінде тәуір баға үшін ақша беретіндерін жайып салды. Ең сорақысы оқушыларынан дастархан жайып, тамақ сұрайтын да ұстаздар бар көрінеді.
Автор: Жаңалық Ахаш
28.03.2019
Сауалнамаға мың жарым студент қатысқан. Олардың жартысынан көбі баға үшін пара бергендерін мойындапты. Әсіресе дәрігерлер мен мұғалімдер дайындайдын мемлекеттік университеттерге шағым көп түскен. Мұнда ұстаздар сынақ кезінде бес мың теңгеден бастап сексен мыңға дейін пара алады. Сондай-ақ студенттер баға үшін ақша сұрайтын оқытушыларының аты-жөнін тізіп берген. Енді онымен құзырлы мекемелер айналысатын болады.
Расул Медетов, Ақтөбе облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы:
- Құқық қорғау органдары мен жоғарғы оқу орындарының басшылары бұл анкетированиеде көрсетілген мән-жайлардың барлығын анықтау қажет. Шындығына көз жеткізу керек. Ол шындық па, әлде жоқ па. Шындық болса әркім өзінің құзірет шегінде белгілі бір шаралар қолдану керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!