Қаламқас кен орнындағы өрт сөндірілді
Бір қызығы үш күннен бері 80 адам арнайы техникамен ауыздықтай алмаған тілсіз жау, өзінен-өзі өшіп қалған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
28.03.2019
Гүлнар Қожабекова, Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:
- 28 наурызда Нұрсұлтан уақытымен 02.05 минутта газды су фонтаны өздігімен тоқтатылды. Оған Маңғыстау облысы төтенше жағдай департаменті «Семсер өрт сөндіруші» ЖШС сол жерде қауіпсіздік постын ұйымдастырды.
Бұл жағдай расымен көпті таңқалдырды. Ал мамандар апатқа ұңғымаға техногенді газдың жиналуы себеп болуы мүмкін деп топшылайды. Яғни сол сұйықтық жанып болғасын, өрт өздігінен тоқтаған. Үңғыма айналасында пайда болған су-газ аралас бұрқақтары да ауыздықталыпты. Әзірге апаттан келтірген шығын көлемі белгісіз. Бұрғылау жобасына тапсырыс беруші «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы бұл жағын ашып айтпады. Қазір оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Өрт болған аумақ қауіпсіздік үшін тегіс қоршалған. Эколгтар апаттан қоршаған ортаға ешбір зиян келтірілген жоқ деп сендіреді. Дегенмен Сенат төрайымы Дариға Назарбаева бұл жағдайға бей-жай қарамау керек дейді. СпикерҮкімет пен депутаттарды төтенше оқиғаға ерекше назар аударуға шақырды.
Дариға Назарбаева, Сенат төрайымы:
- Ауаның, ілеспе судың және топырақтың сапасына күнделікті тексеріс жүргізу керек. Бұл мәселе Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Сондықтан осы экологиялық мәселелереді еңсеру бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттігіне Үкіметтің назарын аударамын. Қажет болған жағдайда осы салаға заңнамаға тиісті түзетулер енгізу жұмыстарын қолға алған жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!