Ми - 8 ұшағының тарихы
Тиімді жауынгерлік құрал саналатын Ми-8 әскери-тасымал тікұшағының экипаж мүшесі әдетте 3 адамнан тұрады. Бірақ, әуе кемесі 4 тонна жүкті немесе 32 адамды алып жүруге қауқарлы.
Автор: Мақсат Мәлік
28.03.2019
Авиация тарихында кең қолданысқа ие Ми-8 тікұшағының әлемде 12 мыңнан астам данасы бар. Ресейде конструктор Михаил Миль атындағы зауытта өндірілетін техниканың алғашқы үлгісі 60-шы жылдардың басында құрастырылған. Тікұшақ жауынгерлік тапсырмаларды орындаудан бөлек тасымалдау кезінде және санитарлық авиацияда да қолданылады. 4 жарым мың метр биіктікке көтерілетін тікұшақ сағатына 230 шақырым жылдамдықпен жүреді. Айта кетейік, қазір бұл тікұшақтың бірнеше үлгісі шығарылған. Оның барлық түрін тапсырмаға байланысты кез келген құралмен жабдықтауға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!