{metadescription}
Қаза тапқандарды бүкіл ел болып аза тұтып жатыр
Қаза тапқандарды бүкіл ел болып аза тұтып жатыр

Қаза тапқандарды бүкіл ел болып аза тұтып жатыр

Әскери тікұшақтың құлауы салдарынан қаза тапқандарды бүкіл ел болып аза тұтып жатыр. Әлеуметтік желілерде марқұмдардың отбасыларына қайғыра көңіл айтқандарда есеп жоқ. Марқұмдардың отбасы мен ет жақындары қайғыдан қан жұтуда. Ал оларды танитындар  жоқтау айтып, қаза болғандар туралы естеліктерімен бөлісуде.

Бұл – 28 жастағы ефрейтор Мирас Жұматаевтың отбасы. Олардың әлі қаралы хабарды естімеген кезі. Әскери басшылығы тек әлі іздестіру жұмыстары жүріп жатыр деген. Сондықтан жамандыққа қимаған ана көңілі оның Ақтауға кеткісі келмегенін ғана айтады. 4 жылдан бері Талдықорғанда әскери қызметте жүрген. Басшылықтың бұйрығымен осыдан жарты жыл бұрын Ақтауға жіберілген екен. 

Сайлау Сыдықова, М. Жұматаевтың анасы:

- Менің денсаулығымды ойлап отыратын. Өзінің еркінен тыс кетті, барғысы келген жоқ. Мен де жібергім келген жоқ. Не істерімді білмеймін.

Дегенмен, түс ауа қаралы хабар бұл үйге де жетті. Сөйтсе, оның фамилиясының бір әрпі түсіп, Жұматов деп жазылған екен. Сонда ғана азан қазан болған олардың сөйлесуге де шамалары болмай қалды. Кейіннен қаралы хабар жөніндеі биліктегілер де айтты. Осы апаттан кесірінен бір ғана Алматы облысынан 8 жанұя қара жамылды.

Ғалымұрат Жүкел Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- 8 адам қайтыс болды Алматы облысынан. Талдықорғаннан үшеу. Сонымен қатар Талғар, Кербұлақ, Алакөл аудандарының тұрғындары.

Қарағандылық Рустам Ахметжанов марқұм болған экипаж командирі Роман Костыгов және бортинженер Данияр Қоңырбаймен Ақтөбедегі бір оқу орнында тәлім алған. Екі курстан кейін оқудан шығып қалсам да осы екі жігітпен байланыс үзбегем дейді ол.  

Рустам Ахметжанов Қарағанды қаласының тұрғыны:

Біз бір казармада тұрғанда Данияр мен Романның сабаққа деген ынтасы мен тиянақтылығына таң қалатынмын. Ұстаздар да оларға ерекше ықыласпен қарайтын. Ал әскери тікұшақты басқаруға екінің бірі жіберілмейді. Олардың білімді де білікті азаматтар болғанын осыдан түсінуге болады.

Ал әуе күштерінің Ақтөбедегі институтында таң атысымен қаралы митинг өткізіліп, сабақ бір минуттық үнсіздіктен соң басталды.

Әлім Ыбыраев, Қорғаныс министрлігі әскери әуе күштері институтының басшысы:

- Осы қайғылы жағдайға байланысты біздің оқу орнында қаралы митингтер ұйымдастырылды. Өйткені олардың көбі – осы институттың түлектері. Қорғаныс министрлігі атынан марқұмдардың жақындарына, туыстарына қайғыра көңіл айтамыз

Ал экипаж командирі болған Роман Костыговтың Ақтаудағы үйіне бүгін Маңғыстау облысының әкімі келіп көңіл айтыпты. Ералы Тоғжанов өңірдегі әскери құрылым қызметкерлерінің апатқа ұшырағанына қайғыратынын жеткізді. Сондай-ақ, облыс бюджетінен көмек ретінде қаза болған барлық қызметкерлердің отбасыларына 1 миллион теңгеден қаржылай көмек бөлінетінін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.