Тоқаев пен Назарбаев көңіл айтты
Қаза тапқандардың жақындарына бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты. Қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым деген мемлекет басшысы, апат себебін жан-жақты тексеруге тапсырма берді. Сондай-ақ, Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та бейбіт күнде әскерилердің мезгілсіз қазаға ұшырағанына қынжылыс білдірді.
Автор: Досжан Маратұлы
28.03.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Мен тиісті мемлекеттік органдарға тікұшақ апатының себептерін зерттеп, қаза тапқандардың отбасына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:
- Қазақстанның әскери қызметшілері әрқашан антына адал, сондай-ақ Отанына шексіз беріле қызмет етуде. Жастарымыздың мезгілсіз қаза болуы қабырғамызды қайыстырды. Орны толмас қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!