{metadescription}
«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы басталғалы жатыр
«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы басталғалы жатыр

«SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы басталғалы жатыр

Елімізде оқушылар арасындағы ең ауқымды жарыс - «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы басталғалы жатыр. Биыл екінші рет өткізілетін спорттық шараға мың оқушы қатыспақ.

Мирас Іргебаев, «Samruk-Kazyna trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының департамент директоры:

- «Samruk-kazyna trust» бұл жобаны Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қорымен бірлесіп қолға алды. Спартакияда аясында көптеген чемпиондар шығатынына сенеміз.

Спартакиаданың өзі екі кезеңнен тұрады. Алдымен, ұл-қыздар, аудан, облыстарда іріктеуден өтуі керек. Сөйтіп, одан суырылып шыққандары «SportFEST Kazakhstan» сайысының Шучье қаласында өтетін финалына жолдама алады. Онда оқушылар ұлттық ойын тоғыз құмалақтан бастап шахмат, баскетбол, үстел теннисі мен ұлдар арасындағы футзал және алғашқы әскери дайындық пәнінен де жарысқа түседі. Жеңімпаздарға бағалы сыйлық тарту етіледі. Айта кетейік, бұл шара биыл «Жастар жылына» орай ұйымдастырылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде