{metadescription}
Кальян шегіп, ойын клубтарында уақытын өткізген
Кальян шегіп, ойын клубтарында уақытын өткізген

Кальян шегіп, ойын клубтарында уақытын өткізген

Алматыда түн ортасында ата-ананың қарауынсыз жүрген жасөспірімдер анықталды.  

Заң бойынша жасы 18 толмаған балалар түнгі сағат 10 нан кейін ойын-сауық орталықтарында, ал 11 ден кейін заңды өкілінсіз жүруіне болмайды. Бірақ бұған пысқырып жатқандар шамалы. Мектеп жасындағы балалар шылым немесе кальян шегіп, таң атқанша ойын клубтарында көңіл көтереді. Ата-анасы бетімен жібергендерді тәртіп сақшылары шетінен ұстады. Бір түнде жүгенсіз кеткен жүзге жуық бала анықталды. Оның елуінің ата-анасына әкімшілік шара қолданылды. Үш бала уақытша оқшаулау орталығына қамалды. Жеткіншектерді оннан кейін клубка кіргізіп, ішімдік пен шылым сатқан қожайындарға да айыппұл салынып, кейбірінің ісі сотқа жіберілді. 

Лейла Әліпбаева, Алматы қаласы полиция департаменті ювеналды полиция бөлімінің бастығы:

- Осы іс шаралардың барлығы балалардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр. Түнгі уақытта білесіз жасөспірімнің өзіне қатысты қылмыс жасалуы мүмкін. 2018 жылы рейдтің қортындысы бойынша төрт мыңнан ата-ананы біз әкімшілік жазаға тарттық. Ал жыл басынан бері 800 ата-ана әкімшілік жазаға тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде