{metadescription}
Көл жағасын бекітуге жұмсалған қыруар қаржы қызылсуға шыдас бермеді
Көл жағасын бекітуге жұмсалған қыруар қаржы қызылсуға шыдас бермеді

Көл жағасын бекітуге жұмсалған қыруар қаржы қызылсуға шыдас бермеді

Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауданы су астында қалды. Жергілікті биліктің көл жағасын бекітуге жұмсаған қыруар қаржысы қызылсуға шыдас бермеді. Жер асты суы көтерілгендіктен, арнасынан асқан көл төңірегіндегі үйлерді түгелдей шайып жатыр.

Жергілікті билік пен құтқарушылар таратқан ақпаратқа сәйкес, Бесқарағай ауылындағы екі үйдің ішіне су кірсе, 13 баспананың ауласын шайған. Ал тұрғындар мұны «жалған ақпарат» дейді. Себебі, олар қабырғасы қақырап құлаудың аз-ақ алдында тұрған кейбір баспаналар мен қора-қопсыларды аудандық билік жасырып отыр деп ашулы.

Талғат Жүнісов,  Бесқарағай ауылының тұрғыны:

Үйге су кіріп кетті. Шамамен жарты метр. Енді үй апатты жағдайда тұр. Ал, әкімдік үйді апатты деп тану үшін эспертиза шақырыңыз дейді. Оған ақшаны өзім төлеймін. Кем дегенде 50 мың тұрады.

Бүгінде жергілікті құтқарушыларға көмекке Семейден арнайы топ жіберілген. Олар баспаналар мен аулаларға кірген суды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тіпті, көл жағасын инерттік материалдармен бекітіп əлек. Бірақ, тұрғындар мұны көзбояушылыққа балайды. Өйткені, ол бір метр мұздың үстіне төселген екен.

Ал, ақпан айында ақ қар, көк мұзда жүргізілген бекіту жұмыстары үшін аудандық қазынадан 5 млн. 700 мың теңге бөлінген. Аудан əкімі қар үстіне төгілген топырақты өрескел олқылық деп санамайды. Сондықтан, ол тасқынның басуын жер асты суының көтерілгенімен байланыстырады.

Дәулет Батырбаев, Бесқарағай ауданының әкімі:

- Қазір көріп тұрсыздар күн күрт жылынды. Сондықтан жер асты суы көтерілді. Біз қолдан келгенше қызылсумен күресіп жатырмыз. Қосымша жағаны бекітумен қатар, 14 су сорғыш насос жұмыс жасап тұр.

Тасқын шайған аумақтарды қалпына келтіру үшін 50-ге жуық адам жұмылдырылған. Ал, баспанасы суда қалған 4 отбасы жатақханаға көшірілді. Қазіргі таңда Бесқарағай ауданы бойынша 10 елді-мекенге тасқыннан қауіп төніп тұр. Оның тоғызы Ертіс өзеніне жақын орналасқан ауылдар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде