{metadescription}
Атырау облысында тағы да балық қырылды
Атырау облысында тағы да балық қырылды

Атырау облысында тағы да балық қырылды

Бірақ, бұл жолы Жайық өзенінде емес, шалғайдағы Қызылқоға ауданы аумағындағы Ойыл өзенінен бөлініп қалған  жайылмаларда тіркелді. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушыларының бірі жүктеген бейнероликтен кейін ғана белгілі болды. 

Бұл жағдай Жасқайрат ауылдық округіне қарасты Көкмешіт және Ақтөре деп аталатын жайылымдық аумақтағы өзен сағасында анықталған. Өлі балықтың көптігі сонша, көлшік бетін жауып тастаған. Қырылғандардың барлығы мөңке, құты, қызылқанат сынды қара балықтар. Аудан басшылары оқиға орнына барып, мән-жаймен енді танысып жатқан көрінеді. Қазіргі таңда жұмыс тобы құрылып, 70-ке тарта ерікті өзенді тазалау жұмыстарын бастап кеткен. Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы комиссия мән-жайды анықтау үшін ауданға аттаныпты. Оларға сенсек, балықтар ауа жетпегендіктен қырылуы мүмкін. 

Нариман Жүнісов, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

- Судан арнайы сынамалар алынды, сондай-ақ өлген балықтар да зертханаларға жеткізілді. Әр мемлекеттік орган өзінің қызыметтік міндетіне сәйкес, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Біздің ойымызша, бұл қыста мұздың қалың болуы себепті ауа жетпегендіктен өлген балықтар болуы мүмкін. Алайда нақты ақпаратты зерттеу аяқталған соң айта аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.