Баландиннің көлігінен айна ұрлаған күдікті қолға түсті
Алматыда тағы бір спортшының қымбат көлігінің айнасы ұрланды. Бұл жолы құдай сақтап, адам аман. Олимпиада чемпионы, жүзгіш Дмитрий Баландиннің темір тұлпарының айнасын ұрлады деген күдікпен бір азамат ұсталды. Қазір соттқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Автор: Бауыржан Жақсымбет
01.04.2019
Оқиға Құрманғазымен Абылай хан және Байсейітова көшелері қиылысқан тұста, яғни өткен жылы Денис Тенді өлтіріп кеткен аумаққа жақын жерде болған. Достарымен кафеде түскі ас ішуге келген Баландин далаға шыққан мезетте, айнасының қолды болғанын байқапты. Олимпиададан кейін сыйлық ретінде берілген «Toyota Land Cruiser» көлігінің бір айнасы шамамен 400 мың теңге тұрады екен. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, күдіктінің сол түні Range Rover маркалы автокөліктің де айнасын ұрлағаны да анықталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!