{metadescription}
Атырауда ақыл-есінде кемістігі бар балаларды ұрып-соқты делінген тәрбиешілер жұмыстарынан шеттетілді
Атырауда ақыл-есінде кемістігі бар балаларды ұрып-соқты делінген тәрбиешілер жұмыстарынан шеттетілді

Атырауда ақыл-есінде кемістігі бар балаларды ұрып-соқты делінген тәрбиешілер жұмыстарынан шеттетілді

Мұндай деректерді жоспарлы тексеріс кезінде анықтаған облыстық прокуратура қызметкерлері қазір істі сотқа жолдапты. Құзырлы орын өкілдері таратқан ақпаратқа бойынша, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жарымжан балалар мен жасөспірімдерді ұзақ уақыттан бері ұрып соғып қана қоймай, мәжбүрлеп жұмыс істеткен. Ал олар ойларын дұрыс жеткізе алмағандықтан шағым айтпаған.

Тергеу мәліметінше, жан шошытарлық жағдай мына мекемеде ұзақ уақыт бойына орын алып келген. Тәрбиешілердің теріс іс-әрекеті мекеме ішінде орнатылған 20-ға жуық бейнебақылау камерасына да түсіп қалыпты. Әйтсе де, тексерушілер оны жария етпеуді жөн көріп отыр. Осынау жайтты мекеме басшылығы да растайды. Әйтсе де, тәрбиешілердің арам ойлары болмаған деп ақтап әлек.

Рымбек Тұрдағали, «№3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры:

- Қылмысқа итермелейтіндей ойы болмаған. Ол жұмыс барысында қол жұмсап қойған фактілерді растап отыр. Бірақ енді  балаға зақым келтірейін деп, балаға дене жарақатын салайын деп, баланы жазалайын деген бағытта ұрған жоқпыз деп отыр.

Мекемедегі өзге қызметкерлердің айтуынша, әріптестерінің бұл ісі әрине, құптарлық емес. Бірақ олар да жауыздық жасалмаған деп есептейді. Яғни бұлардың пікірінше, тәрбиешілер жасаған озбырлық әрекеттерді құзырлы орын өкілдерінің дұрыс түсінбеуі мүмкін. Ал, әзірге 5 қызметкер – 2 тәрбиеші мен 3 палата санитары жауапқа тартылып жатыр.

Қанат Қабдолов, Атырау облыстық прокуратурасының  ресми өкілі:

- Бұл факті бойынша тергеу жұмыстары Қылмыстық кодекстің 140 бабының 2 бөлігіне сәйкес полиция органдарымен жүргізілуде. Балаларға қатысты қатыгездік таныту арқылы күш көрсеткен интернат тәрбиешілері өз жұмыс орындарынан уақытша шеттетілді. Қылмыстық іс облыс прокурорының жеке бақылауында.

Арнаулы мекемеде 4 пен 18 жас аралығындағы 100-ге жуық бала бар. Олардың 37-сі күндізгі бөлімде болса, өзгелері күні-түні осында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.