{metadescription}
Атырау әуежайындағы атысқа себепкер болған полицей жұмысынан қуылды
Атырау әуежайындағы атысқа себепкер болған полицей жұмысынан қуылды

Атырау әуежайындағы атысқа себепкер болған полицей жұмысынан қуылды

Оған қатысты «қызметіне немқұрайдылық танытты» деген баппен қылмыстық іс қозғалған. Басшылық сержанттың осы уақытқа дейін 6 адамды өрттен құтқарып, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғанына да қарамады.

Одан өзге әуежайдағы желілік полиция бөлімінің жетекшісі мен көліктегі полиция бөлімі басшысының екі орынбасары да қызметінен кетті. Бұл туралы Атырауға зардеп шеккен келіншектің жағдайын білмекке арнайы келген Көліктегі полиция департаментінің өкілдері хабарлады. Еске сала кетейік, наурыздың 29-ында желілік полиция қызметкері Атырау халықаралық әуежайындағы қызмет орнында тапаншасын шұқылап отырғанда аңдаусызда оқ атылып, ол 38 жастағы келіншектің аяғына тиген еді. Қазір әйел Атырау облыстық ауруханасында ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр емес. Ал оның ем-домына кететін шығынды көліктегі полиция департаменті өтеп бермек.

Марат Әлкенов, ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары:

- Емханаға барып келдік. Ол кісінің жалпы жағдайы жаман емес. Ақылы төлейтін палатаға аудардық Қаражат шығындарын  көліктегі департамент өз мойнына  алып отыр. Әрі қарай ем керек бола ма, дәрі-дәрмек керек бола ма, оның бәрін көліктегі департамент өзінің мойнына алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде