Декларация тапсыру мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін
Жалпыға бірдей декларация тапсыру 2021 жылдан басталып, 2025 жылға дейін созылуы мүмкін. Өйткені шенеуніктер ауқымды шараны ұйымдастыруда шикілік тапқан. Оған қоса, жауаптылар миллиондаған адамның табысы мен мал-мүлкі туралы ақпараттың құпия сақталуын қамтамасыз етуге қауқарсыз болып шықты.
Автор: Әсел Тұмашқызы
01.04.2019
Талғат Мамаев, Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы:
- Шалғай ауылдардың барлығында интернет болмауына және аудандық, ауылдық округтердің тұрғындарының қаржы сауаттылығының төмендігі. Осы мәселелерді шешу үшін бізге қосымша уақыт керек болып тұр.
Қарағанды облысындағы пилоттық жобаны іске асыру кезінде осындай шикілік анықталған. Сөйтіп, табысы мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру жыл сайын кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Алдымен, мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары жариялау науқанын бастайды. Олардың ішінде министрлер мен депуттаттар да бар. Ал екі жылдан соң мұғалімдер, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері қатысады. Үшінші кезеңде ірі компаниялардың басшылары, құрылтайшылары және бизнесмендер міндеттеледі. Елімізде декларацияның екі түрі енгізіледі. Тұрғындар табысын, жылжымайтын және жылжымалы мүліктерін міндетті түрде жарияласа, бағып отырған малы мен зергерлік бұйымдарын, бағалы сыйлықтарын құпия ұстауына қарсылық жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!