{metadescription}
Қарағанды облысында бірнеше ауыл халқы көшірілуі мүмкін
Қарағанды облысында бірнеше ауыл халқы көшірілуі мүмкін

Қарағанды облысында бірнеше ауыл халқы көшірілуі мүмкін

Қарағанды облысында су тасқынының қауіпті кезеңі енді басталады. Сондықтан құтқарушылар Самарқан су қоймасы маңындағы бірнеше ауыл жұртын эвакуациалауға дайын отыр. Онсыз да бір аптадан бері топан су өңірдегі бірнеше ауданды басқан. 

Алдын ала дайындық шараларын жасадық дегенге қарамастан, қызыл су ауылдарды да айналып өтпеді. Абай және Шет ауданындарындағы ауылдарда 17 үйге су кірген. Бірнеше күнде ол ауылдардан су кетті. Бірақ сай-сала мен жазыққа жайылған сел тас жолдардан да асып жатыр. Ендігі қауіп Қарағанды іргесіндегі Самарқан су қоймасында болып тұр. Бірнеше өзен құятын су қоймасы кемерінен асып кетпеу үшін қазір одан секундына 600 текше метр су ағызылып жатыр.

Ерлан Қошанов, Қарағанды облысының әкімі:

- Қазір бұдан ары қарай Нұра ауданына барады, сондықтан ең су тасқынына қауіпті жерлер Садовое, Чкалово, мына Самарқанд су қоймасының түбінде орналасқан жерлер ғой. Бірақ қоршаған жалдар бар бөгеттер бар.  Жылда су алып кететін ауылдарды біз қорғап сақтап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.