{metadescription}
Ақмола облысында тоған жарылды
Ақмола облысында тоған жарылды

Ақмола облысында тоған жарылды

Екпіндеп келген тасқын су Кенесары тоғаны үстіндегі өткелді шайып өткен. Қатты ағыстан Қылшақты өзені жағасының топырағы опырылып, тік жарға айналған арна сол маңдағы үйлерге жақындап келеді. Түн ішінде болған апаттан шошынған тұрғындар, жандарын шүберекке түйіп тоғанды айналшықтап жүр. Өйткені өңірде әлі қар тегіс еріп болған жоқ.

Тоған суы күн жылынған сайын молайып, ағысы кушейген. Күркіреп аққан судың екпініне карап, әсіресе, осы маңайда тұратын Кенесары тұрғындарында заре жоқ. Тоған жағалауы опырылып тұрғын үйлерге екі адым ғана қалған.

Түн ортасында болған апат жұртты шырт ұйқысынан оятқан. Ауылдың тап іргесінен ағатын Қылшақты өзені дәл биыл бұлай буырқанып, тоғанды тас талқан етер деп ешкім ойламапты. Өйткені өңірге түскен қар былтырғыдан әлдеқайда аз. Соған қарамастан, тоғандағы суды жіберіп отыру үшін орнатылған 6 құбыр тарлық етіп, қатты ағыс жолындағыны жайпап кеткен.

Сұлтанмұрат Қадырбек, Кенесары ауылының тұрғыны:

- Міне, 2 жылдың жүзі болды, жөндейміз дегендеріне. Мұны алғаш орнатқанда платинадан құбыр қоя ма, бетоннан қоғанда ма, биыл кетпес еді. Енді бұл жылдан жылға таси беретін болса, ол топырақ құлай береді. Алла сақтасын қорқынышты.

Ауыл тұрғындарын тағы бір алаңдатып отырғаны – тоған үстіне салынған өткел. Малдың жайылымға шығатын жалғыз жолы болған жайдақ көпірді де су шайып кеткен.

Әлімжан Ахметов, Кенесары ауылдық округінің әкімі:

- Бұл Кенесары су тоғанын былтырғы жылдан бастап, «Казводхоз» республикалық шаруашылығы өз қарамағына алған. Соның өзінде біз қарап отырдық. Жер кішкене кепкесін жағдай жасалады халыққа.

Алексей Советов, Ақмола облыстық ТЖД бастығы:

- Біз тасқынның бетін қайтаруға күш жұмсадық. Еріген судың қатты келгені сонша,тоғанды бұзып кетті. Бұл тоғанның жағдайы сын көтермегендіктен, «Казводхоз» мекемесіне талай ұсыныс жасалған. Бірақ ескермеді. Тоған күрделі жөндеуді қажет етеді.

Күрделі жөндеуді қажет ететін тоған арқылы өткелді екі жыл бұрын тасқын болғанда жергілікті әкімдік өз күшімен салған. Бірақ алғашқы сынға шыдамады. Енді арнасы кеңіп, топырағы опырылып кеткен терең сайға үйімізбен бірге құлап кетпесек болды дейді кенесарылықтар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде