{metadescription}
Қорғаныс министрлігі Ми-8 тікұшағы неден апатқа ұшырауы мүмкін екенін айтты
Қорғаныс министрлігі Ми-8 тікұшағы неден апатқа ұшырауы мүмкін екенін айтты

Қорғаныс министрлігі Ми-8 тікұшағы неден апатқа ұшырауы мүмкін екенін айтты

Бірақ нақты себебі қара жәшіктің жазбасы толық сараптамадан өткен соң жарияланбақ. Бүгін белгілі болған тағы бір жайт, оқу-жаттығу аясында Ақтаудан Шымкентке бағыт алған  тікұшақ шаруа қожалығының үстіне құлай жаздаған. 

Қорғаныс министрлігі негізгі үш себепті қарастырып отыр. Яғни Ми-8 ауа райы қолайсыздығы, адами фактор немесе ұшақтан шыққан ақаудың кесірінен құлаған болуы мүмкін. Бұл – негізгі болжамдар. Бірақ 13 әскеридің ажалы нақты неден болғанын арнайы комиссия анықтауы тиіс. Қазір күл-талқаны шығып, өртеніп кеткен тікұшақтың қара жәшігі табылып, сараптама жасалып жатыр.

Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрлігі Әскери әуе күштерінің қолбасшысы:

Қара жәшік табылғанымен, ондағы мәліметтер әзірге құпия ұсталып отыр. Оны Әскери прокуратура мен Тергеу және ұшу қауіпсіздігін қадағалау басқармасы өкілдерінен құралған комиссия жіті тексеріп, қорытындысын жариялайды.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің өкілдері тікұшақтың шаруа қожалығының үстіне құлай жаздағанын айтады. Бірақ соңғы секундқа дейін күрескен экипаж мүшелері әуе кемесін  Жалағаш ауылынан алшақтау жерге құлатқан. Қарулы күштерде 15 Ми-8 бар. Олардың барлығы күрделі жөндеуден өткен. Пайдалану уақыты 35 жыл. Ал құлаған тікұшақ 1988 жылғы. Соңғы рет 5 жыл бұрын Алматыда жөндеуден өткен. Қайғылы оқиға болатын күні көкке көтерілмес бұрын тексеруден өткенде ешқандай техникалық кінәрат табылмапты.

Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрлігі Әскери әуе күштерінің қолбасшысы:

- Алты рет тексерістен өтеміз. Бұл темір ғой. Әр жерде апат бола береді. Темір жол, шахта болсын. Теңізде де қайықтар апатқа ұшырып жатады. Бәрі Алланың қолында ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде