Балалар үйінің мәртебесін көтеру қажет
Алматыда осындай ұстанымды мақсат еткен қайырымдылық концерт өткізілді. «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын шарада Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.
Автор: Мақсат Мәлік
02.04.2019
Гүлмира Қондыбаева, Алматы облыстық №1 балалар үйінің директоры
- Қоғам бұндай балалаға басқаша көзқараспен қарайды ғой. Сондықтан балалар үйінде балалардың қалай тәрбиеленетінін көрсеткіміз келеді. Өмірінде қандай кедергілер болады, бәрін айтамыз.
Концертке келгендер әуелі арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Онда балалар өз қолымен жасаған түрлі бұйымдарды сатылымға шығарды. Түскен қаржы солардың қажетіне жұмсалмақ. Ал, гала-концертте балалар үйінің тәрбиеленушілері ән айтып, би биледі. Түрлі қойылымдарға қатысып, жиналғандарды бар өнерімен тәнтті етті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!