{metadescription}
Маугли спектаклінің премьерасы болды
Маугли спектаклінің премьерасы болды

Маугли спектаклінің премьерасы болды

Жануарлар әлеміне саяхат. Алматыда Наталия Сац атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында Маугли спектаклінің премьерасы болды. Әлемдік классиканы алғашқылардың бірі болып балалар үйінің тәрбиеленушілері тамашалады.

Ата-анасынан адасқан Мауглидің ормандағы оқиғасы зұлым Шерханның жемтігіне айналып кете жаздаудан басталады. Бірақ оны арлан қасқыр тарқыл мысықтан арашалап қалып, бауырына басады.  Әлсіздерді аямайтын джуглидегі шытырман көрерменді алғашқы сәт-ақ баурап алды. Хаqуандар арасында жүріп өзіне дос тауып,  адалдық үшін күрескен кішкентай балақайдың ерлігі кімді болса да тәнті етеді.

Мирболат Берниязов, актер:

- Біздің өмір сүріп жатқан ортамызды, джунгли әлемімен салыстыруға болады. Жануарлардың өз заңы бар. Олардың да арасында сатқындар жетерлік. Мысалы Табаки сияқты. Сондай-ақ қиын жағдайда көмекке келетіндер де бар.

Қойылымның режиссері, Тәжікстанның еңбек сіңірген әртисі Сұлтан Османов. Ол барлығы шынайы болу үшін кейіпкерлердің киімінен бастап, декорациясына шейін қолдан жасалуын қадағалаған. Бұл ертегіде бас-аяғы 27 образ сомдалды

Гүлшат Омарова, костюм суретшісі:

- Маугли кастюмдері негізінен мехтан жасалды. Бұрын соңды аңдардың кастюмдері жай ғана комбинизонмен шығарсақ. Бұл жолы қол жұмысын көп жасадық. Сол үшін басқалармен салыстырғанда ерекше болды деп ойлаймын.

Бұл ертегінің басты мақсаты да жас көрерменнің өзі тұрып жатқан ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, кез-келген қиын жағдайда еңсені түсірмей алға жылжуына жол сілтеу дейді әртістер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде