{metadescription}
800-ден астам елді-мекенде аурухана жоқ
800-ден астам елді-мекенде аурухана жоқ

800-ден астам елді-мекенде аурухана жоқ

Елімізде мыңнан астам дәрігер жетіспейді. Соның кесірінен ауылдық жерлерде мыңдаған адам медициналық көмектен қағылған. Сондықтан жас мамандарды ауылға тарту ісін күшейтуді тапсырған премьер-министр кадр тапшылығын жоюға да тапсырма берді.

Асқар Мәмин, Қазақстан Премьер-министрі:

- Жас мамандардың ауылдарда тұрақты жұмыс істеп, елді мекендерде қалуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік қолдау көрсету мәселелерін қарастыруды тапсырамын. Мысалы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында жас мамандарға жоғары көтермеақы төленеді. Ал Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы ұйымдастырылған.

Оның үстіне 800-ден астам елді мекенде дәрігерді қойып, аурухана жоқ. Сондықтан басы ауырып, балтыры сыздағандар көрші ауыл, аудандарға баруға мәжбүр. Сәйкесінше, ондағы дәрігерлерге шамадан тыс ауыртпалық көп. Әсіресе, Қарағанды, Қостанай мен Батыс Қазақстан облысының ақ халаттылары екі жарым мыңнан астам науқасқа қарайды екен. Норма бойынша ол 1700-ден аспауы керек. Енді Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық университетті бітірген түлектердің есебінен маман тапшылығын жоюды жоспарлап отыр. Өйткені жаңа заң бойынша оқуды аяқтаған жас дәрігерлер үш жыл мемлекеттік ауруханаларда жұмыс істеуге міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде