{metadescription}
Ақтөбеде аурухананы басқаруға алған кәсіпкер дәрігерлерді жұмыстан шығарып жатыр
Ақтөбеде аурухананы басқаруға алған кәсіпкер дәрігерлерді жұмыстан шығарып жатыр

Ақтөбеде аурухананы басқаруға алған кәсіпкер дәрігерлерді жұмыстан шығарып жатыр

Ақтөбеде теміржол ауруханасының дәрігерлері шу шығарды. Жақында ғана сенімгерлікпен басқаруға алған кәсіпкер оларды жұмыстан қысқартып жатыр екен. Қолдарына ескерту хатын таратып беріпті. Ең қызығы мамандар аурухананы меншігіне алған компанияны да, басшысын да әлі білмейді.

Қолдарына жұмыстан қысқарту туралы ескерту хатын алған теміржол ауруханасының дәрігерлері аңтарылып қалған. Жақында ғана мекемені сенімгерлік басқаруға алған бизнесмен бұлай етер деп ойламапты. Ең қызығы мамандар аурухананың жаңа иесімен танысып та үлгермеген.

Гүлсім Балмаханова, теміржол ауруханасының дәрігері:

- Аяқ астынан қысқартуға тап болдық. Санасып жатқан жоқ. Бәріміз бір-бір отбасының асыраушысымыз. Бастығының кім екенін білмейміз. Аты-жөнін білмейміз.

Бұрын бұл аурухана шойын жолдың жұмысшыларына қызмет көрсеткен. Кейін төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің қарауына өтіпті. Ондағылар енді үш жылға алматылық компанияға сенімхатпен басқаруға беріп отыр. Одан соң толықтай сатылып кетеді. 

Теміржол ауруханасы мен емханасы мемлекеттік тапсырыс бойынша осы маңдағы бірнеше ықшам ауданға қызмет көрсетіп отыр. Бірақ мекеменің жекеге өткенінен тұрғындар да бейхабар. Науқастар ең болмағанда үйреніп қалған дәрігерлерімізді қызметінде қалдырса деп тілейді.

Шолпан Көшкінбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

- Дәрігерлердің көңілі пәс. Жұмыстарын қатты уайымдап жүр. Бізге де тәжірбиелі маман керек.

Дәрігерлер шу шығарған соң кәсіпкер оларды қысқартпауға келісті. Компания басшысы өзі көрінбесе де, өкілін жіберіпті.

Марат Өтегенов, «Аухал» ЖШС өкілі:

-  Мамандар қалады. Ешкімді қысқартпаймыз.

Компания аурухананы басқаруға сенімхат алу үшін 487 миллион теңгесін салған. Енді ол шығынды өндіру қиын болып отырғанын айтады. Бірақ ең бастысы шарт бойынша үш жыл бойы жұмыс орнын сақтауға міндетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде