{metadescription}
Елімізде жүкті әйелдерге 425 мың теңгеден берілуі мүмкін
Елімізде жүкті әйелдерге 425 мың теңгеден берілуі мүмкін

Елімізде жүкті әйелдерге 425 мың теңгеден берілуі мүмкін

Бұл ақшаны алу үшін жүктіліктің 12-ші аптасына дейін яғни 3 айда тіркеуге тұрып үлгеруі тиіс. Бірақ бұл Денсаулық сақтау министрлігінің әзірге қағаз жүзіндегі жоспары ғана.

Осылайша министрлік аяғы ауыр келіншектерді ынталандыруды көздейді. Олай етпесе, жүктілігін жасырып, айы-күні жеткенге дейін жүре беретін аналар жоқ емес. Одан қалды бір реттік жәрдемақы бала дүниеге келген соң беріле ме, әлде тіркеуге алынған бойда төлене бастай ма, бұл жағы да әзірге белгісіз. Өйткені бұл - министрдің ұсынысы ғана. Десе де, Біртанов бастаманы заңмен бекітпек ниетте. Құжат Мәжіліске маусымда ғана жетеді. Оған дейін ел ішінде талқыланады. Сондықтан болашақ аналардың әзірге қомақты қаржыдан дәметуіне ерте. Себебі, бұл ұсыныс тиісті орындарда әлі қаралады.

Елжан Біртанов, Денсаулық сақтау министрі:

- Жаңа кодекс адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Әйтпесе, денсаулығына салғырт қарайтындар жетерлік. Көбіне дерті асқынғанда дәрігерге барады. Сондықтан біз ауырып ем іздейтіндерге ауырмаудың жолын көрсетпекпіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.