{metadescription}
Шымкентте балабақшадан жоғалған екі бала полицейлерді аяғынан тік тұрғызды
Шымкентте балабақшадан жоғалған екі бала полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

Шымкентте балабақшадан жоғалған екі бала полицейлерді аяғынан тік тұрғызды

6 жасар қос ұл кешкісін «Нұрби» деп аталатын жекеменшік мекемеден өздігінен кетіп қалған. Олардың жоқтығын тек кешкісін ата-анасы алып кетуге келген кезде бір-ақ біліпті.

Айман Сейітқызы, балабақша меңгерушісі:

- Балалар 6 жасқа толып қойған. Сабақтарын үйреніп жатқан. Тәрбиеші шатасып қалған ба, әйтеуір шығып кетіпті екеуі. Мен анасынан естідім. Мен ол кезде бақшада болған едім.  

Ашуға булыққан ата-ана айғайға басқан соң балабақша ұжымы екі кештің арасында іздеуге көшті. Полицияға хабар берген соң погондылар да тайлы-таяғы қалмай осында жеткен. Қырсыққанда не балабақшадағы, не жақын маңдағы камералардың бірі де істемейтін болып шықты. Бұл мекемеде бұған дейін де баланың өздігінен кетіп қалған дерегі болған екен. Іздеу операциясы екі сағатқа созылып, аяқтан тік тұрып іздеген полицейлер балаларды қаланың өзге бөлігінен тапты. Сөйтсе, екі достың бірі екіншісіне үйін көрсеткісі келіпті. Алайда көз жасына ерік берген аналардың ашуы бірден басыла қойған жоқ.

Қарлығаш, баланың анасы:

- Балаға  қарау керек қой. Жекеменшік бақша болғандықтан сеніп едік. Енді кімге сенерімізді білмейміз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде