{metadescription}
«Әке, тоқташы!»: Апатқа түскен балалардың сөзі жұртты жылатты
«Әке, тоқташы!»: Апатқа түскен балалардың сөзі жұртты жылатты

«Әке, тоқташы!»: Апатқа түскен балалардың сөзі жұртты жылатты

Атырауда араққа сылқия тойып алған жүргізуші қаланың қақ ортасындағы дүкеннің түгін қалдырмады. Ол жанындағы әйелі мен балаларының жалынғанына қарамастан жылдамдықты артырып, алдымен жанындағы көлікке соғып, одан соң жеміс-жидек сататын павильонды бұзып кіреді. 

- Арман, тоқташы. Арман, өтінемін балаларың үшін...

Тайота Хайсты тізгіндеген 33 жастағы Арман  ақыры ешкімді тыңдамады. Жарынан бөлек көлік ішінде екі баласы болған. Шырылдаған балалары да әкесіне жол бойы жалынып, жылап келген. Қазір бүлдіршіндердің бірі ауруханада жатыр. Әбден шошып қалғаны болмаса, әйелі мен тағы бір бала дін аман. Ал отағасының сол күні араққа сылқия тойып алғанын сараптама да растап отыр.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Полиция қызметкерлері наркологиялық сараптамадан өткізді жүргізушіні. Сол уақытта оның мас екені анықталды. Қазір енді дәрігерлер сараптамасын күтіп отырмыз. Сол сараптама нәтижесінде жол көлік оқиғасына себепші болған азаматты қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде