{metadescription}
Көкшетаулықтар тасқыннан қалай аман қалғандарын айтып берді
Көкшетаулықтар тасқыннан қалай аман қалғандарын айтып берді

Көкшетаулықтар тасқыннан қалай аман қалғандарын айтып берді

Тасқын Көкшетауға жетті. Қылшақты мөлшерден тыс көтеріліп, қаланың бір бұрышын топан су басты. Өзеннің тасуына егістік алқаптарда еріген қар суы қосылып, жағдайды тіпті қиындатты. Қазір 15 шақты ауладан тұрғындар сыртқа шыға алмай әлекке түсуде. Жер үйлерге кірген суда 11 отбасының дүние мүлкі қалған. Мектеп ауласы мен балабақша жертөлесі де аузы мұрнынан шыққан суға толып тұр.

Төтенше жағдай қызметі қаланы аман алып қалуға бар күшті жұмылдырып жатқанымен, әлі де 600 үй мен жеке түрлі нысанға қауіп бар екен.    

Екі күн бұрын 40 шақырым жердегі Кенесары тоғаны жарылғанда Көкшетауға кауіп жоқ деген шенділер түн ішінде аяғынан тік тұрды. Қылшақты өзені ернеуінен асып,сыртқа жайылды. Енді екпіндеген  қызыл суды тоқтату оңай болмай жатыр.

Кенесарыдан Иванов тоғаны арқылы Көкшетауды басып өтетін Қылшақтыға жеткен су нөпірінің беті қатты. Арнасынан асып тасып, бар екпінімен келіп қалаға лап қойған. Мұндайды күтпей жайбарақат ұйықтап жатқан жұрт аман қалу үшін  жанталасқан. Әсіресе, теміржол вокзалы маңындағы жер үйлерден тұрғындар әрең шыққан.

Сауле Қапарова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Бәрі айтты, уайымдамаңдар, су келмейді, жетпейді мұнда деп. Лап қойды ғой. Құтқарушыларға телефон шалдық сасқанымыздан. Олар айтады, біз Сіздерді кеше түнде көшірдік қой деп. Қайдағы көшірген, 4 баламмен көршілерім алып шықты. Әпкем алып кетті. Енді не болады?

Гүлсағира Тарбаева, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Міне, біздің басшылар осылай жұмыс істейді. Үйден таңертең шығарды көлікпен енді жете алмай тұрмын. Нан алуға шыға алмай жатырмыз. Немерелерім бар үйде.

Көпқабатты үйлердің тұрғындары да мұндайды күтпеген. Олар аулаға жайылған судан әрең өтіп жатыр. Құтқарушылар қазір  2 мектеп пен бір балабақшаны аман алып қалуға қам жасап жатыр. Айнала құм төгіп, өзеннен ағылған суды бөгеуге тырысуда.

Алексей Советов, Ақмола облыстық ТЖД бастығы:

- Қылшақтыдан су Қопаға құйылып жатыр. Бір тәулікте 1 жарым миллион текше метр су көлге кетті. Өзен қазір қалыпты арнасына түсті. Су деңгейі де төмендеп келеді. Қазір су жайылған жерде арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Бұл мүлдем қауіп сейілді деген сөз емес. 80 көлді Көкшетаудың өзен көлдері әлі тегіс еріп болған жоқ. Сондықтан, апат қай жақтан келері белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде