{metadescription}
Тараздық өнерпаздар Әулиеата аспанын әнге бөледі
Тараздық өнерпаздар Әулиеата аспанын әнге бөледі

Тараздық өнерпаздар Әулиеата аспанын әнге бөледі

100-ден астам жас талант «Бала дауысы» жобасы аясында бақ сынасты. Бірақ тек бұлардың біреуі ғана іріктеліп, өнер әлеміне жолдама алады. Сонымен кімнің асығы алшысынан түсті? Тараздың атын әйгілейтін өнерпаз кім? 

Осы күнді тағатсыздана күткен Аяна Тұрабек ұстазымен соңғы дайындығын пысықтап жатыр. Бұған дейін талай сынға түсіп, топ жарған 6-шы сынып оқушысы қобалжып тұрғанын жасырмайды. Ол қазақ, ағылшын және орыс тілінде үш ән орындамақ.

Аяна Тұрабек, байқауға қатысушы:

- Жеңіске жетуге деген сенім бар. Себебі мен бұл әнге көп дайындалдым. Вокалға қатысқам. Және бас жүлде аламын деген ойдамын.

Бәсі жоғары «бала дауысы» жобасына 10 аудан мен Тараз қаласынан 8 бен 12 жас аралығындағы 100-ден аса өнерпаз қатысуда. Бәрі «сен тұр, мен атайын» деген кіл мықтылар. Дегенмен бұл іріктеуде көпті өнерімен тамсандырған біреуі ғана таңдалады. Сөйтіп оған алматыдағы «Жұлдызды арман үйіне» жолдама беріліп, жеңімпаз мықты мамандармен ақтық сайысқа дайындалады. Ал топ жарған өнерпаздар супер финалда эстрада жұлдыздарымен бір сахнада ән шырқайды.

Серік Гамза-Заде, тәлімгер:

- Мен өз басым баланың вокалдық қабілетіне қарайтын боламын. Одан кейін әртістік қабілеті, баланың киінуі, сахнада тұрысы. Ол екінші планда. Біріншісі вокал.

Іріктеу жеті сағатқа созылды. Мамандарға жүзден жүйрігін таңдау оңай болған жоқ. Дегенмен бабы мен бағы келіскен Ділнұр Атагелді жолдаманы ұтып алды.  

Ділнұр Атагелді, байқау жеңімпазы:

- Бұл жетістікке жеткізген менің анама, мұғалімдеріме көп-көп алғыстарымды айтамын. Себебі олардың қолдауы болмаса жеңіске қол жеткізе алмас едім.

Айта кетейік, бұл жобаның авторы әрі бас продюсері Әлия Назарбаева. Сайысты ұйымдастырған «Жандану әлемі» мен Тұңғыш Президент қорлары.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде