{metadescription}
Kaspi.kz  клиентерін тағы таңқалдырды
Kaspi.kz  клиентерін тағы таңқалдырды

Kaspi.kz  клиентерін тағы таңқалдырды

Елдегі ең инновациялық компания нағыз клиенттеріне жаңа жарнамалық роликтің кейіпкері болуды ұсынған. Біздің тілшілеріміз соның түсірілім алаңында болып қайтты.

Kaspi.kz өз клиенттерін жеке оқиғаларымен бөлісіп, жаңа жарнамалық кампанияға қатысуға шақырды. Түсірілім алаңына алғаш келген ролик кейіпкерлерінің аздап ұялғаны байқалады. Алайда режиссер мен кәсіби команда жылдам бейімделуге көмектесуде

Назгүл Мырзабекова, көпбалалы ана:

- Маған роликке түсуді ұсынғанда аздап қобалжыдым. Түсірілім алаңында қобалжуым бірден басылды. Балалармен уақыт өткізу менің күнделікті өмір салтым. Мен Kaspi.kz-тің төлемнен бастап аударымға дейінгі барлық қызметін қолданамын. Мен Kaspi.kz-ті барлық достарыма ұсынамын. Ата-анама, құрбыма Kaspi.kz-ті қолдануда үйреттім. Kaspi.kz өмірді жақсартады!

Валентин Яворский, дыбыс режиссері:

- Музыка  менің хоббиім. Осы үшін Kaspi.kz-тен техника алдым. Студияда қысылмай, үйде еркін отырып, ойдағының бәрін жазуға ыңғайлы. Қалтаңнан бІр рет 100-120 мың бергенше, мен оны 3-4 айға бөлемін әрі артық төлемеймін. Қазір барлық техниканы Каспиден аламын. Барлығын!

Мейіржан Әшіров, өрт сөндіруші:

- Маған бұл жерде өте қатты ұнап тұр. Бәрі кинодағыдай. Режиссер, актерлар, камералар. Түсу қызықты болды. Жаңа толы өмірлермен, дүниелермен танысу ол үшін мен қуана келістім. Kaspi.kz қосымшасы туралы жағымды көңіл күйдемін. Kaspi.kz қосымшасын жанұяммен қолданамын. Пәтерақы, төлемақы қолданғанда ыңғайлы. Және туыстарыма, достарыма қуанышпен көрсетіп үйретемін. Kaspi.kz қосымшасының жұмысы маған соншалықты ұнағаны барлық адамдар қолданса екен деп ойлаймын.

Біз Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзеден жаңа жарнамалық кампанияның идеясы туралы айтып беруді сұрадық.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz  басшысы:

- Біздің 5 миллион клиентіміз бар. Сүйікті клиенттеріміз біздің ең танымал ұялы қосымшамыз  kaspi.kz-ті қолданып, комиссиясыз төлем жасайды, тиімді шарттармен сатып алады, бонус жинайды, ыңғайлы кредиттер алады, депозитке жинақтайды, біздің терминалдарымыз бен ең заманауи банкоматтарымызды қолданады. Біздің миссия, Kaspi.kz-тің миссиясы - сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық қызметтер мен өнімдер жасау. Біз клиенттерімізден тұрақты түрде таңқалысқа толы пікірлер аламыз. Сондықтан өз клиенттерімізге өз оқиғаларын айтып беруді өтіну мүмкіндігі барда жарнама ойлап табудың қажеті не деп ойладық.

Kaspi.kz-тің жаңа жарнамалық кампаниясы жетекші телеарналардың экрандарына шықты. Ал Kaspi.kz-те нағыз клиенттердің қатысуымен роликтер сериясын түсіруге уәде етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде