{metadescription}
Алматы полициясы сұғанақтардың суреттерін жариялады
Алматы полициясы сұғанақтардың суреттерін жариялады

Алматы полициясы сұғанақтардың суреттерін жариялады

Алматы полициясы ұрлық жасамаса тұра алмайтын сұғанақтардың суреттерін жариялады! Олардың көбі бұрын сотталған. Бірақ соған қарамастан жаман әдеттен арыла қоймапты. 

Кәнігі суық қолдылардың ең жасы небәрі 17-де болса, ал үлкені 60-тан асқан азаматтар. Бірақ ұл-қыз өсіріп, немере тәрбиелеп отырғанына қарамастан, ұрлауын қоймаған. Бұлар үнемі жолаушылар автобусы мен қала ішіндегі базарларды кезіп жүреді екен. Көбі бірнеше мәрте істі болған. Десе де, бостандыққа шыққан бойда ұрлыққа қайта кіріседі. Олардан әбден мезі болған тәртіп сақшылары түсін түстеп, суреттерін жариялады. Осылайша, тұрғындардың өздері де сақ болса дейді.  

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі:

- Заң осы ұрыларға қатысты сәл жұмсағырақ. Мәселен ұры жәбірленушімен сот залында татуласса, ол сот залынан шығып кетеді. Сондықтан оларды қоғамға бет жүздерін жария етудің бірден бір амалы осы. Күнде болмаса да, күнара 5-6 ұрының бет-әлпетін жария етіп отырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.