21 мың теңге үшін жанталас жалғасып жатыр
Ақтөбедегі әлеуметтік сала қызметкерлері келушілердің көптігінен жәрдемақыға құжат қабылдап үлгермей жатыр. Олар түскі астан татып алмай, он екі сағат бойы бір орында тапжылмастан жұмыс істеп жатырмыз дейді.
Автор: Жаңалық Ахаш
03.04.2019
Мақпал Тұрмағанбетова, Ақтөбе қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
- Қазір жеті пунктте қабылдау жүргізіп отырмыз. Азаматтардың келіп арыздануына байланысты ғой. Бұл он күн болуы мүмкін, бір ай болуы мүмкін.
Әлеуметтік қызметкерлер құжат қабылдаудың қанша уақытқа созылатынан білмейді. Дегенмен, жәрдемақыдан дәметіп келіп жатқан әйелдердің қарасы көп. Арасында құжат арқалаған ер азаматтар да бар. Жұрт жәрдемақы үшін таңның атысынан кезекке түрып әлек. Ақтөбеде айналдырған бір күн ішінде мыңнан астам адамның құжаты қабылданған. Бірақ оның жартысына жуығын кері қайтарыпты. Өйткені отбасылық кірісі мөлшерден асып кеткен. 21 мың теңгеден қағылған кейбір келіншек бұған келіскісі келмей, сол жерде арыздарын да жазып жатыр.
Әлия Есенәлиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Кішкентай екі балалы жалғызбасты анамын. Жәрдемақы үшін әкемнің зейнетақысын кіріс ретінде есептеп отыр. 21 мың теңге маған тиесілі емес дейді. Сонда қалай? Енді әкемнің үйінен кетіп, далада қаңғып жүруім керек пе?
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!