{metadescription}
Каспий теңізінде оқ атылмауы тиіс
Каспий теңізінде оқ атылмауы тиіс

Каспий теңізінде оқ атылмауы тиіс

Бүгін мәжіліс осы теңіздегі тосын жағдайлардың алдын алу туралы халықаралық конвенцияны мақұлдады. Аталған құжатқа сай, Каспий маңы мемлекеттерінің әскерилері бұдан былай бір-біріне барынша толерантты болуы керек.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Келісімнің ережелеріне сәйкес, әр тараптың әскери кемелері мен әуе кемелері басқа тараптың әскери кемелері мен әуе кемелеріне жақындаған кезде қауіпсіз арақашықтықта болып, барынша сақтық танытуы қажет.

Яғни, конвенция теңіздегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Халықаралық құжатқа Қазақстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Иран мен Ресей секілді Каспий маңы мемлекеттері былтыр тамыз айында Ақтауда қол қойған еді. Сол құжатқа сай, әр елдің жауынгерлеріне бір-біріне оқ жаудырып, зымыранды бағыттау секілді әскери іс-қимыл жасауға рұқсат етілмейді. Яғни қандай-да бір түсінбеушілік туындаса, тараптар мәселені бейбіт келісіммен шешуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.