{metadescription}
Квадрокоптер ұшырғандарға айыппұл салынуы мүмкін
Квадрокоптер ұшырғандарға айыппұл салынуы мүмкін

Квадрокоптер ұшырғандарға айыппұл салынуы мүмкін

Қорғаныс министрлігі ғимаратының үстінен заңсыз квадрокоптер ұшырылған. Әскери полиция қызметкерлері күш-құрылымдарының қорғауындағы нысанды таспаға түсірмек болғандарды ұстады.

Талғат Мұхтаров, Қорғаныс министрінің орынбасары

- Министрлік, немесе әскери  білім беретін нысан аумағында пилотсыз басқарылатын апараттарды ұшыруға тыйым салынған. Ал, заңды белшесінен басқандарға тиісті шаралар қолданылады. Қазір осы мәселе бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір осы іске қатысы бар деген екі күдікті анықталды.  Олар еліміздің «Әуе кеңістігін қолдану және авиация қызметі туралы» заңын бұзған. Енді әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 мың теңгеден астам  айыппұл салынуы мүмкін. Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, соңғы уақытта әскери нысандардың үстінен заңсыз ұшырылатын аппараттар көбейіп кеткен. Негізі, ұшырылым жасау үшін азаматтық авиация комитетінен рұқсат алу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде