{metadescription}
0:000:00
Елордада әлемдік ядролық қарусыздануға қатысты тағы бір қадам жасалды

Елордада әлемдік ядролық қарусыздануға қатысты тағы бір қадам жасалды

Қазақстан мен мен Корея тарапы бас қосып, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын талқылады. Маңызды жиынды Тұңғыш Президент қоры мен осы қордың жанынан құрылған әлемдік экономика және саясат институты ұйымдастырып отыр. 

Сихен Ли, Корея қорының президенті: 

- Мен әлемде ядролық қарудан бас тартып, оның орнына экономикалық даму жолын таңдаған жалғыз елді білем. Сондықтан, Солтүстік Кореяға ядролық қарудан бас тарту үшін Қазақстанның тәжірибесін ұсынғымыз келеді. 

Солтүстік Корея осыдан 25 жыл бұрын ядролық қаруын арттыра бастады. Содан бері әлемдегі аса қауіпті қаруы бар алыптардың біріне айналған. Ал бұл Оңтүстік Кореяға ұнамайды. Қазақстан Корея түбегіндегі бұл шиеленістің оңтайлы шешілуіне атсалысқысы келеді. Осы мақсатта Тұңғыш Президент қоры мен Корея қоры өзара меморандум жасасқан. Соның аясында ядролық қарусыздану ұранымен жиын өткізіп келеді. Өйткені, бүгінгі таңда Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас қиындап бара жатса, Иран ядролық бағдарламасын дамытып, осы саладағы дауды ұлғайта түсті. Осылардың қасында Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы да жағдайды ушықтырып отыр. Ал Қазақстан жағдайдың бұлай өрбуіне қарсы. 

Жәнібек Арынов, Тұңғыш Президент қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Қазақстан Республикасының Солтүстік Кореяда ешқандай дипломатиялық өкілдігі жоқ. Бұрын болған. Десек те Солтүстік Кореяға Ресей тарапы арқылы, Оңтүстік Корея тарапы арқылы немесе Қытай тарапы арқылы шығып, осындай ұсыныс тастауы мүмкін болашақта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.