{metadescription}
Алматының орталық көшелері адам танымастай өзгермек
Алматының орталық көшелері адам танымастай өзгермек

Алматының орталық көшелері адам танымастай өзгермек

Алматыда Жібек жолы, Байсейітова көшелері мен Достық даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Үш көшенің жалпы ұзындығы - 1050 метр. Мәселен, Байсейітова мен Жібек жолы көшелерінің жөндеуге қала қазынасынан 1 млрд 800 млн теңге бөлініп отыр. 

Жоспарға сәйкес, жаяу жүргіншілер жүретін жерлерде қиындық тудыратын барлық кедергі жойылады. Қала билігі мегаполистегі орталық көшелерді адам танымастай өзгертіп, жаяу жүргіншілерге арналған жолды кеңейтпек. Ал, Жібек жолы көшесіндегі автомобиль қоятын тұрақтар азаяды. Сондай-ақ, адамдар жаяу жүретін аумақтарда спорт және балалар алаңдарының да саны артпақшы. Демалуға арналған орындықтар, энергия жинақтаушы жарық көздері орнатылады. Әсіресе, жасыл-желекке ерекше мән беріліп отыр. Және де, ескі субұрқақтар жаңасына ауыстыру жоспарлануда. Үш көшедегі күрделі жөндеу осы жылдың күзінде толықтай аяқталуы тиіс.

Алмасхан Ахмеджанов, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы:

- Жібек жолыда тек қана бір автомобиль жүретін жол қалдырамыз бір жолақ. Жүргіншілер жолы болады. Орындықтар қоямыз, ағаш егеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде