{metadescription}
Қарой ауылының тұрғындары он жылдан бері ауыз суға жарымай отыр
Қарой ауылының тұрғындары он жылдан бері ауыз суға жарымай отыр

Қарой ауылының тұрғындары он жылдан бері ауыз суға жарымай отыр

Халықтың жартысы 130 мың теңгеден құдық қаздырып амалдаса, қалғаны тіршілік нәрін үш шақырымнан тасып ішуге мәжбүр. Ең қызығы, әкім өз есебінде ауылға су тартылып, барлық жағдай жасалған деп мақтаныпты. 

Аптасына бір отбасы шамамен 500 литрге жуық су пайдаланады. 6 көшенің түрғындары құдығы бар көршісінің қабағын бағуда. Жеке құдық қазып алуға жағдайлары болмағандықтан, молынан алып қалуға асық. Ал, ауыз судың иесі үйінде болмай немесе көңіл күйі жоқ кезде үш шақырым жерден тасуға тура келеді.

Қараой ауылың шетінен жер алып, баспана тұрғызған халық он жылдан бері тіршілік нәріне жарымай отыр. Жиналғандар әкімдіктің табалдырығын да талай тоздырып, алыстан су тасудың машақатын айта-айта жалықтық дейді. Өйткені, атқамінерлер жыл сайын су жүргізіледі деп халықты есіктен шығарып салатын көрінеді. Судан бөлек, халық жол азабын да тартып отыр. Жаңбыр жауса толарсақтан саз кешіп, оқушылар мектепке бара алмай қиналады дейді ашынған жұрт. 

Жанат Мырзағұл, Қараой ауылының тұрғыны:

- Жауында шақыру керек еді. Бала-шаға қалай мектепке барады? Жедел жәрдем келмейді. Өз ақшамызға сатып алып құм төгеміз.  

Тұрғындардың наразылығын естіп, ақ жағалылар да төбе көрсетті. Әкімнің орынбасарына судан тарыққан жұрт арыз-шағымдарын қарша боратты. Наразы топтан сескенді ме, әйтеуір билік өкілі бәрін қатырамыз деп кезекті уәдесін берді.

Бақыт Төреев, Қараой ауылдық округі әкімінің орынбасары: 

- Жобаға сыймай қалған бір бес көше бар жоғарғы жағында. Қазіргі таңда сол бес көшенің суы да жоқ, жолдары да жасалмаған. Бұйыртса бәрін жасап береміз.  

Бірақ шыдамы шегіне жетіп, судың қорлығы өткен қаройлықтар уәдеге мүлдем нанғысы жоқ. Сондықтан өздері бірлесіп, ақша жинап, құдық қаздырудан басқа амалдары жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде