{metadescription}
Қарағандыда 200-ге тарта отбасы баспаналарына қол жеткізе алмай жүр
Қарағандыда 200-ге тарта отбасы баспаналарына қол жеткізе алмай жүр

Қарағандыда 200-ге тарта отбасы баспаналарына қол жеткізе алмай жүр

Қарағандыда 200-ге тарта отбасы 2 жылдан бері баспаналарына қол жеткізе алмай жүр. Оларға деп салынып жатқан үйдің құрылысы тоқтап қалған. Мердігер компания жұмысты дұрыс жүргізбегесін қала билігі оларды сотқа сүйреп, құрылыс жайына қалыпты. Салдарынан әлеуметтік тізім бойынша пәтер кезегін күткендер мен баспана алу үшін банкке салым жасағандар 2 жыл бойы қаңғырып жүр.

Анар Кішкентаева екі жылдан бері мына су жаңа үйдегі 1 бөлмелі пәтердің иесі. Алған несиесін екі жыл бойы төлеп келе жатқанымен, «баспанам бар ғой» деген оймен өзін жұбатады. Бірақ ол қағаз жүзінде бар, өзі жалдамалы пәтерден пәтерге көшіп ығыры шығып жүр.

Анар Кішкентаева Қарағанды қаласының тұрғыны:

Жауапты тұлғалардан нақты жауабын алсақ дейміз. Өйткені бірнеше рет әкімдікке де, банкке де жаздым. Бірақ ештеңе өзгерген  жоқ. Осыдан екі жыл бұрынғы жағдай, әлі сол қалпы.  

Анар сияқты 200-ге тарта адам 2017 жылдан бері осы үйге кіре алмай жүр. Сол жылы қоныс тойын тойлауы тиіс олар, құрылыстың кілт тоқтап қалғанына наразы. Олардың арасында пәтерді сатып алғандардан бөлек, арендалық деп ұсынылған баспанаға да қолы жетпей жүргендер бар.

Сәуле Зікрина, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Арендалық баспана қалай беріледі, сол күннен бастап төлейсіздер деді. Біз банктен бәрінен өтіп қойдық. Төлемдерін анықтадық, мемлекеттік жұмыста істейміз. Мүгедек балам бар еді, қиын болды.  

Үй құрылысының мерзімінде аяқталмауы себепті биліктегілер мердігерді сотқа берген. Олар бірін-бірі сотқа сүреп жүргенде, құрылыс жайына қалған. Енді шенеуніктер баспананы салып бітіру үшін басқа компанияларды жағалап жүр екен. 

Рашид Түлебаев Қарағанды қалалық құрылыс бөлімінің басшысы: 

- Біз басқа құрылыс компаниялыранан мына нысанның құрылысын аяқтауға көмек беруін өтіндік. Оларды көбі бетімізді қайтармады. Кейбірі құрылыс материалдарын берсе, екіншілері жұмыс күшін ұсынып жатыр. Мұның бәрі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде ақысыз іске асады. Ал осы құрылысты басы қасында жүріп қадағалауы тисі болған мемлекеттік қызметкерлер жауапқа тартылды.  

Аталған үйдің бір секциясын сәуірдің аяғында  өткіземіз дейді шенеуніктер. Қалғанын тапсыру жылдың соңына жоспарланыпты. Бірақ негізгі мердігерсіз құрылыстың қарқынды жүретініне жұрт сенбейді. Оның үстіне біреуге алақан жайып жүріп жүргізген жұмыстардың қаншалықты сапалы болары да белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.