{metadescription}
Қаржы министрлігі қырғыз тарапының шағымына жауап берді
Қаржы министрлігі қырғыз тарапының шағымына жауап берді

Қаржы министрлігі қырғыз тарапының шағымына жауап берді

Қаржы министрлігі Еуразиялық экономикалық одақтың талабын бұзды деп айып таққан қырғыздарға жауап берді. Біздің шенеуніктердің айтуынша, көрші елдің жүргізушілерінің құжаттары дұрыс емес. Өйткені жүкті Ресейге апара жатырмыз деп тауарын Қазақстанда саудалайды екен. Осының кесірінен қазынаға кіріс түспей жатыр.

Айыр қалпақты ағайындар Қазақстан тиісті талапты орындамады деп Еуразиялық экономикалық Одаққа шағым түсірген. Алайда, бар тауарды бүркемелеп өткізбек болғандары жайында жақ ашпаған. Сөйтсе, шиеленіске құжаттағы шикілік себеп болыпты. Қырғыздар құны миллиондаған қытай тауарын құжатта дұрыс рәсімдемеген. Тексеріс кезінде қағазда көрсетілген тауар бір басқа, көліктегі тауар бір басқа болып шыққан. Сондықтан біздің тарап қырғыздардың арызы негізссіз деп отыр.

Әсел Қуанышбаева, ҚР Қаржы министрлігі кірістер комитетінің басқарма басшысының міндетін атқарушы:

- Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына өтеміз деп Қазақстанның аумағында қалып қояды. Және сол тауарлардан бізге салық төленбейді. Егер тауарлардың ілеспе құжаттарында, 250 мың Ресей рублі деп көрсетсе бізге сол тауарларды 20 миллионның көлемінде деп  кіргізеді.

Ал, ұзын-сонар кезекте бір аптадан бері тұрған жүргізушілер бар. Көбі Қазақстан арқылы Ресейге өтпек. Ал 120-дан астам қырғыз жүргізушісі өз еркімен еліне қайтқан. Ал, қазіргі таңда Жамбыл облысындағы «Қарасу» бекетінде 160-қа жуық жүк машинасы әлі тұр. Енді құжатын дұрыстамайынша, бекеттен бері өте алмайды. Бұдан бөлек, қазақ-өзбек шекарасында да кептеліс туындаған. Бұған себеп өткізу бекеттерінің әбден тозығы жеткен. 20 жыл бұрын салынған нысан кеңейтуді талап етеді. Оған қоса, ресми Ташкент бақылауды күшейткен. Салдарынан Өзбекстанға бағыт алған көліктер Қазақстан жағында қаңтарылып тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде