{metadescription}
Төтенше жағдай комитеті мен «Қазгидромет» бір-бірін айыптады
Төтенше жағдай комитеті мен «Қазгидромет» бір-бірін айыптады

Төтенше жағдай комитеті мен «Қазгидромет» бір-бірін айыптады

Төтенше жағдайлар комитеті мен «Қазгидромет» айтысып қалды. Біреуі ауа райын дұрыс болжамайды десе, екіншісі берген болжамды дұрыс түсінбейді деп бір-бірін кінәлап отыр.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

Болжамдары тым бұлыңғыр. Үлкен аумақтар туралы айтады да нақты қай жері екенін көрсетпейді. Мысалы, Ақмола облысына 3-тен 14 миллиметрге дейін жауын түседі дейді. Оны бүкіл облыс аумағына шақсақ, ол аз көрсеткіш. Бірақ, ол бір жерге ғана жаууы мүмкін. Онда жағдай қиындайды.

Оның айтуынша, Көкшетаудағы жағдай соның нақты мысалы. Төтенше жағдайлар комитеті басшысының сыны мұнымен бітпейді. Төрағаның Ауыл шаруашылығы министрлігіне де айтары бар екен. Су шаруашылығы комитеті жазда егістікке керек деп көктемде су қорын жинай береді. Бірақ, өздеріне қанша су қоры керек екенін білмейді. Соңында тасқын болып, оның салдарымен құтқарушылар күреседі. Алайда, Беккердің сөзін «Қазгидромет» мойындамайды. Тіпті, өзі кері сөйлеп отыр дейді. Өйткені, «Қазгидромет» былтырдан бастап гидрологиялық болжамдарды апта сайын шығарып отыр. Көкшетауға қатысты жасаған болжамдарымыз да дәл келді дейді. Олардың айтуынша, Беккер ауа райын болжау әдісін  түк түсінбейді. 

Дидар Жәнібекұлы, «Қазгидромет» РММ гидрология бөлімінің директоры:

- Владимир Беккердің «Қазгидрометке» айтқан сындары жөнсіз. Өйткені әр өзеннің бассейнінде жинақталған қар қорының ылғалдылығының миллиондағы көлемін есепке алып отырамыз. Және апта сайын бұл қордың қаншалықты өзгеріп жатқанын, өсіп жатыр ма, азайып жатыр ма, біз бақылап отырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде